Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен маңызды кездесу өтті

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен маңызды кездесу өтті
2026 жылғы 30 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Д.Қ. Утеповтың төрағалығымен «Мықты қоғам – Қуатты Қазақстан» форумы аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жер мәселелеріне қатысты үкіметтік емес ұйым өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды. Сондай-ақ, өзара ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жұмыс бағыттары бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – ашық диалог орнату, тиімді кері байланысты нығайту және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара әріптестікті күшейту.