
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасында 2025 жылдың I–II жартыжылдықтары және 2026 жылдың I жартыжылдығы кезеңдері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 14 сәуір – 14 мамыр аралығы.
Аталған талдаудың мақсаты – басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Талдау барысында азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан және өзге де мүдделі тұлғалардан ұсыныстар мен пікірлер қабылданады.