
Жамбыл облысында жүргізілген талдау нәтижесінде 120 шаруашылық иесінің қайтыс болғаны анықталды. Аталған шаруашылықтарға тиесілі жер учаскелерінің жалпы көлемі 31,5 мың гектарды құрайды.
Осыған байланысты шаруашылық иелерінің туыстары мен үлескерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:
8 шаруашылық бойынша 1,1 мың гектар жер көлеміне мұрагерлік құқықтар рәсімделді;
45 шаруашылыққа тиесілі 7,4 мың гектар жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар қазіргі уақытта жалғасуда.
Ескерту
Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес, жер учаскесіне ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда, бұл құқық мұрагерлік тәртіппен беріледі.
Сондай-ақ, уақытша жер пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, қысқа мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы да белгіленген тәртіпке сәйкес мұраға қалдырылады.