Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері

«Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» КММ-де жүргізілген ішкі талдау басқарма қызметінің ашықтығын арттыру және процестерді жетілдіру мақсатында жүзеге асырылды. Талдау нәтижесінде лауазымдар бойынша тәуекел деңгейлері айқындалып, оларды төмендетуге бағытталған шаралар қабылданды.

Басшы қызметінде кадрлық саясат, мемлекеттік сатып алу және жер учаскелеріне құқық беру ісінде басқарушылық процестерді жетілдіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Бөлім басшылары бойынша жер қатынастарын реттеу және жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыруда тәуекелдерді басқару тетіктері күшейтілді.

Бас мамандар деңгейінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, құжат айналымын цифрландыру және келісімшарттар рәсімін стандарттау бойынша оң өзгерістер енгізілді.

Ішкі талдау нәтижелері басқарма қызметінің тиімділігін арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуге негіз болды.