
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету және заң талаптарын мүлтіксіз сақтау бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.
Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету, құжат айналымын жүйелеу, арыз-шағымдарды сапалы қарау және қызметтік әдепті сақтау бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.
Сонымен қатар игерілмеген жерлерді қайтару, жайылым жетіспеушілігі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары мен «дөңгелек үстел» кездесулері тұрақты түрде өткізілуде.