Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылды күшейту бағытында тұрақты жұмыстар атқаруда.

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік басқарудың тиімділігіне нұқсан келтіріп, қоғамның дамуын баяулататын әлеуметтік зиянды құбылыс. Осыған байланысты басқарма өз қызметінде заңдылықты, ашықтықты, әділдікті және қоғам мен азаматтардың сенімін арттыруды басты қағидат ретінде ұстанады.

Басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, мемлекеттік қызмет көрсетуде ашықтықты қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асырады.