Бас жоспар және кадастр жүйесі: нақты шешімдер мен ұсыныстар

Бас жоспар және кадастр жүйесі: нақты шешімдер мен ұсыныстар

Жамбыл облысында елді мекен шекаралары мен Бас жоспарды сәйкестендіру мәселелері талқыланды

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Д.Қ. Утеповтың төрағалығымен 2025 жылғы 16–17 қазан күндері Тараз қаласында елді мекендердің шекаралары мен Бас жоспардың (оңтайландырылған нұсқасы) сәйкестендіру және жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастр жүйесіндегі өзекті мәселелер бойынша жиын өтті.

Кеңес жұмысына облыстық сәулет және қала құрылысы, цифрландыру және архивтер басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облыстық филиалының мамандары қатысты.
Жиында өзекті мәселелер талқыланып, сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.