Отырысқа Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ә.Ғ. Тамабек қатысып, комиссия жұмысының маңыздылығына тоқталды. Күн тәртібінде Шу, Сарысу, Талас және Мойынқұм аудандарының аумақтарында жер қойнауын пайдалану мақсатында жер пайдалану құқығын беру мәселелері қаралды.
Комиссия жұмысы өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалану, инвестициялық белсенділікті арттыру және аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталды.