БЖЗҚ бүкіл ел бойынша бұрынғы жұмыс кестесіне оралды

БЖЗҚ бүкіл ел бойынша бұрынғы жұмыс кестесіне оралды

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қордың  еліміз бойынша кеңселері бұрынғы кесте бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейін өз жұмысын қайта бастады.

 БЖЗҚ байланыс орталығы 1418 қысқа нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) салымшылар мен алушылардың сауалдарына 9:00-ден 18:00-ге дейін жауап береді. Сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірінде жауап беретін WhatsАpp және Viber-дегі чат-бот арқылы, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан да да ақыл-кеңес алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ қызметтерін онлайн форматта да алуға болады. Салымшылар БЖЗҚ сайты мен мобильдік қосымшасындағы жеке кабинетте кез келген уақытта, әрі кез келген жерде қызмет ала алады. Мысалы, бұған жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты  зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша өтініш беру, төлемге өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т.б. қызмет түрлері жатады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).