Өз зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпарат алыңыз!

Өз зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпарат алыңыз!

БЖЗҚ 2021 жылдың қорытындысы бойынша өз салымшыларын (алушыларын) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы хабардар ету науқанын бастады.

Жеке зейнетақы шоттарынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені дәстүрлі пошта байланысы арқылы алуды шамамен 1,15 млн салымшы (алушы) жөн көреді, әйтсе де олардың саны жыл сайын азайып келеді. Есесіне ақпарат алудың электрондық тәсілдері көбірек таңдалуда. Мысалы, 2021 жылдың басында дәстүрлі пошта арқылы мәлімет алушылар саны 1,28 млн асқан еді, яғни бір жылда 130 мыңға азайып отыр. Егер неғұрлым ұзақ мерзімді қарастырсақ, 2014 жылдан бастап (барлық шоттар мен зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру кезеңі) пошта байланысы қызметі арқылы жіберілетін үзінді көшірме саны 3 есеге қысқарды.

Дегенмен, пошта конвертіндегі үзінді көшірмені күтіп жүргендер үшін ескертіп қоятын жәйт, егер салымшы (немесе алушы) тұрғылықты мекенжайын өзгертсе, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, салымшы 10 күнтізбелік күн ішінде Қорға жаңа мекенжайды хабарлауы қажет. Әйтпесе ескі мекенжайға жіберілген хат БЖЗҚ-ға қайтарылады және одан әрі мұндай салымшыны хабардар ету мәртебесі «айқындалмаған» деп көрсетіледі.

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына бір рет қана емес, кез келген уақытта алу үшін БЖЗҚ өзінің зейнетақы жинақтары туралы хабардар болудың неғұрлым жедел тәсілдерін ұсынады.

Мысалы, салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға ұсынған мекенжайға ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы ала алады. Әдетті үзінді-көшірмені алу кезеңділігі «жыл сайын» деп айқындалады. 2022 жылдың басында 780 мың адам хабарлаудың осы тәсілін таңдады.

Ең танымал әдіс – enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы хабарлау. Бұл хабарлау тәсілін 2022 жылдың 5 қаңтарында 6,2 млн ЖЗШ иесі таңдаған. 2014 жылдан бері хабарлаудың осы тәсілін таңдаған салымшылардың (алушылардың) саны 19 есеге жуық өсті.

2022 жылдың басында шамамен 2,9 млн адам «БЖЗҚ-ға өзі келген кезде» ақпарат беру тәсілін таңдаған. Былтыр жыл басындағы деректермен салыстырғанда олардың саны 133 мың адамға азайды. Атап айтатын жәйт, негізінен жеке жүгіну тәсілін таңдағандар саны жаңадан ашылған ЖЗШ иелері есебінен толығуда. Қазіргі уақытта БЖЗҚ-да ЖЗШ зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылып жатыр. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруде – «БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш жасаған кезде» тәсілі автоматты түрде белгіленеді, оны салымшы (алушы) өз бетінше өзгертуге құқылы. Ақпарат алу тәсілін анықтау немесе өзгерту мақсатында салымшы (алушы) тиісті келісімді тікелей БЖЗҚ кеңсесінде немесе БЖЗҚ сайтында жасауы қажет. Көңіл аударатын мәселелер:

- БЖЗҚ сайтында «Жеке кабинет арқылы» деген бір ғана әдісті таңдауға болады;

- салымшы (алушы) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты мобильді қосымша, не электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы келісім жасамай-ақ ала алады.

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынудың қай тәсілін таңдасаңыз да, БЖЗҚ зейнетақы жарналарының уақытылы аударылғанына сенімді болып, әрі өз болашағыңызды жоспарлау үшін зейнетақы жинақтарыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен жүйелі түрде тексеріп отыру қажеттігін ескертеді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).