«БЖЗҚ» АҚ шалғайдағы елді мекендердегі қызметтері «Қазпошта» АҚ арқылы кеңейтілді

«БЖЗҚ» АҚ шалғайдағы елді мекендердегі  қызметтері «Қазпошта» АҚ арқылы кеңейтілді

Трансфер-агенттік қызметтерді енгізу және дамыту мақсатында БЖЗҚ АҚ Қор бөлімшілері жоқ  шалғайдағы елді мекендерде «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп, Қор қызметтеріне «Қазпошта» АҚ-ның 32 бөлімшесін қосымша қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Осылайша қазіргі уақытта БЖЗҚ  қызметтерін «Қазпошта» АҚ  347 бөлімшелері арқылы алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның ұлттық пошта операторының филиалдарында шалғайдағы елді мекендерде қызмет көрсету жөніндегі бірлескен жобасының арқасында  Қор салымшылары (алушылары) келесі операция түрлерін орындай алады:

• салымшының (алушының) қосымша мәліметтерін өзгертуге (толықтыруға) өтініш беру (жеке куәлік, телефон нөмірі, электрондық пошта мен пошталық мекенжайлар);

• ақпараттандыру әдісін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қою (оның ішінде БЖЗҚ АҚ қызметтеріне электронды форматта қол жеткізу үшін).

Жалпы алғанда, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде  Қор салымшыларына (алушыларына) өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артық қызмет көрсетілді.

БЖЗҚ-ның қосымша деректемелерді өзгерту  мен хабарландыру тәсілдері туралы қызметтерін алуға болатын «Қазпошта» АҚ  бөлімшелерінің тізімін Сіз  enpf.kz сайтындағы «Байланыс» бөлімінен таба аласыз.

Бұл ретте біз БЖЗҚ қызметтерінің көпшілігін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту және т.б., ENPF мобильді қосымшасы мен еnpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы үйден шықпай-ақ алуға болатынын хабарлаймыз.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).