«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы басталды

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы басталды

2023 жылдың 24 қарашасы күні «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясының ашылуы болды.

Қараша айының 25-і мен 10-желтоқсан аралығында өтетін акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын ала отырып, отбасылық құндылықты бағалауды көздейді.

Қазіргі қоғамдағы мәселенің бірі әйел адамдардың құқығының бұзылуы. Акция аясында қала, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен колледж студенттері, қыз-келіншектермен бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Іс-шара аясында түрлі сала мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты деректерді алға тартып, оған қарсы жүргізілуге тиісті жұмыстардың жай-жапсарын нақтылады.