2023 жылғы 28 ақпанында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұжымымен және студент жастармен Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 16 наурызындағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын құқықты Жаңа Қазақстан құру және саяси экономикалық жағдайды түбегейлі өзгерту мәселесіне арналған кездесу өтті.
Кездесуге облыс прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлы, облыс прокуратурасының 3-ші басқарма басшысы Кубеев Даурен Мерекеұлы, облыс прокурорының аға көмекшісі Қуанышев Еркін Тілешұлы, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы, институт ректорының бірінші проректоры Абдуалы Асқар Бегәділұлы, институттың профессорлық-педагогтық құрамы қатысты.
Басқарма басшысы Ж.Зұлпыхар мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдау тетіктері мен мемлекеттік бағдарламалар туралы тоқталып, ереже талаптарын түсіндіріп өтті