«Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр адамның міндеті» тақырыбында кездесу өтті

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр адамның міндеті» тақырыбында кездесу өтті

2022 жылдың 19 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жарқын жол» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр адамның міндеті» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында жастарды білімді болуға, тарихы мен салт-дәстүрін білуге, шақырып, қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, қоғамда белең алып тұрған сыбайлас жемқорлықты жою бойынша өзекті мәселелер қозғалды.

Кездесу соныңда жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып,мардымды әрі қанағаттанарлық жауап алды.Іс-шараға барлығы 30-қа жуық студент жас қатысты.