«Әулиеата үміті» облыс әкімінің жастар сыйлығы табысталды

«Әулиеата үміті» облыс әкімінің жастар сыйлығы табысталды

«Әулиеата үміті» облыс әкімінің жастар сыйлығы табысталды.

Аталған шара өңірдегі 14 пен 29 жас аралығындағы үздік жастарды ынталандыру, облыс жастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, облыс жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени шығармашылық деңгейінің артуына және өңірдегі жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, әр түрлі салада жетістікке жеткен және қоғамдық өмірде белсенді болған жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің сыйлығына 2 жылда (2021-2022 ж.ж.) халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларда, жарыстарда, байқауларда жетістікке жеткен, қоғамдық өмірге белсенді араласқан, жеке басының жетістіктері бар, өзі қызмет ететін салада немесе өтінім берген номинация түрі бойынша 113 жас өтінім білдірген.

15 бағыт бойынша номинация жеңімпаздары арнайы құрылған комиссиямен іріктеліп, үздік деп танылған жастар «Әулиеата үміті» облыс әкімінің сыйақысына ұсынылды.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау кеші өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы бейнероликті тамашалаумен бастау алып, облыс әкімі Н.Нұржігітовтің құттықтау сөзімен ашылды.

Шара аясында облыс әкімі 15 номинация бойынша үздік деп анықталған жастарға «Әулиеата үміті» облыс әкімінің жастар сыйлығын табыстап, «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болған 3 қатысушыға баспана кілтін табыс етті.

Шара соңы концерттік бағдарламамен ұласты.

 

«Әулиеата үміті – 2022» облыстық жастар сыйлығының жеңімпаздары

 

          «Үздік жас ғалым» номинациясы – Жанұзақ Айсұлу Ораққызы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылының Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясының кәсіптік бағдар беруші мұғалімі

 

          «Үздік жас мұғалім» номинациясы – Лаубай Тоғжан Құралбайқызы, Тараз қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы  №45 қазақ классикалық гимназиясының тарих  пәнінің мұғалімі

 

          «Үздік жас медицина маманы» номинациясы – Исабек Ахметбек Қайырбекұлы, Жуалы аудандық орталық ауруханасы, емхана бөлімінің дәрігері

 

          «Үздік жас спортшы» номинациясы – Тұрғынбай Ғасыр Мадиярұлы, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» еркін күрес спорт түрінің спортшысы

 

          «Үздік жас әнші немесе музыкант» номинациясы – Жасұзақов Дулат Абдулмақсұтұлы, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының» «Кәусар» вокалдық ансамблінің әртісі

 

          «Театр және кино саласының үздік жас актері» номинациясы – Қаражанова Нұрай Нұрланқызы, «Асқар  Тоқпанов  атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының» артисті

 

          «Үздік жас жазба ақын» номинациясы – Әбдір Шапағат, «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «AR-AI» жастар газетінің тілшісі

 

          «Үздік жас айтыскер ақын» номинациясы – Донбай Рай Серикулы, "Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым" атты ақындар айтысының жүлдегері, жастар арасында өткен бірқатар айтыстардың бас жүлде иегері, айтыскер ақын

 

          «Үздік жас баспа журналист» номинациясы – Аблай Ғалия Архатқызы, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғылыми ақпараттандыру» бөлімінің ғылыми қызметкері, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы

          «Үздік жас тележурналист» номинациясы – Орынбасар Диана Ермагамбетқызы, «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «JAMBYLINFO» ақпараттық сайтының тілшісі.

 

          «Үздік жас мобилограф» номинациясы – Берік Жолшан Бақтиярұлы, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кино орталығының» бейнежазу операторы

 

          «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы – Абай Нариман Жетпісбайұлы, Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы

 

          «Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясы – Көшкінбай Айжан Арысбайқызы, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Жамбыл  аудандық  пробация  қызметінің инспекторы, аға лейтинанты

 

«Үздік жас волонтер» номинациясы – Намелбек Азамат Намелбекұлы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және бизнес» факультетінің студенті

 

«Үздік жас қоғам белсендісі» номинациясы – Нұрділлаұлы Медет, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің cтатист маманы