Баспаналы болу - бір бақыт

Баспаналы болу - бір бақыт

Бүгінде облыс әкімінің қолдауымен іске асырылып жатқан «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болған Бекболатов Саматқа салтанатты түрде пәтердің кілті табысталды.

Аталған шараға облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы, «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Сұлтанов Нұрлан Темірбекұлы, Талас аудандық мәслихатының депутаты, Қазақстан Жазушылар және  Журналистер одақтарының мүшесі, білім беру және мәдениет саласының үздігі, ақын, Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасына қатысушылардың өтінімдерін қарау және бағалау жөніндегі комиссияның мүшесі Битенова Үміт Қыранқызы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, жас отбасыға ақ тілектерін білдірді.

Айта кететін жайт, облыс әкімінің тапсырмасымен әзірленген облыста мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасының аясындағы облыс жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» пилоттық бағдарламасына биыл тұрғын үй алуға 737 жас өтінім білдірген.

Өтінімдер комиссия қарауына ұсынылып, нәтижесінде 79 қатысушыға «Отбасы Банк» АҚ-на жолдама берілді.

Бүгінгі күнге 33 қатысушының өтінімі мақұлданып, оның ішінде
28 қатысушы бағдарлама аясында баспаналы болды. Ал, 5 қатысушы өзіне тұрғын үй іздестіруде, 12 қатысушының өтінімі банктің қарауында тұр.

Келесі жылға бағдарлама аясында баспанамен қамтылатын жастардың санын арттыру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге қаражат  бөлініп отыр.

Қосымша бүгінгі күні «Отбасы банк» тарапынан да қаржыландыру көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.