Биыл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Осындай маңызды күндер қарсаңында 2021 жылдың 14 желтоқсан күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ және №29 орта мектеп ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік айғағы» тақырыбында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Тәжікенова Гаухар Жұматайқызымен ауыл жастарының кездесуі өтті.
Кездесу барысында Гаухар Жұматайқызы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Желтоқсан оқиғасының туындау себептері мен саяси маңызын жастарға түсіндірді. Кешегі күн бүгін тарих деп басталған сырлы әңгімесі жастарға жігер сыйлады. Тағылымды кездесуде жастар қонаққа сұрақтар қойып, патриоттық тәрбиеде өнеге алатындай ұлағатты сөздер тыңдады.
Аталған іс-шарада сөз алған «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары М.Нарымбеков жастардың бойында ұлттық рухты көтерсе, аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры М.Телеушов жастардың отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін нығайту мақсатында сөз сөйледі.
№29 орта мектептің өнерлі жастары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласқан кездесуде келген қонақтарға алғыс хаттар табысталып, естелік суретке түсті.