Халық батыры Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орай «Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес» тақырыбында жас ғалымдар арасында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияның АҚПАРАТЫ

Халық батыры Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орай «Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес» тақырыбында жас ғалымдар арасында өткен республикалық  ғылыми-практикалық конференцияның АҚПАРАТЫ

Халық батыры Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орай

«Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес» тақырыбында

жас ғалымдар арасында өткен республикалық
ғылыми-практикалық конференцияның

АҚПАРАТЫ

 

2021 жылдың 3 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығымен бірлесе отырып Тараз қаласында халық батыры Исатай Тайманұлының туылғанына 230 жыл толуына орай «Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес» тақырыбында жас ғалымдар арасында республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Мақсаты – халық батырының ерлік істері мен тұлғалық табиғатын насихаттау. Кейінгі буынның санасына тарихтағы дүрбелең кезеңдегі Исатай Тайманұлының шоқтығы биік ерліктерін дәріптеу, үлгі ету арқылы ұлттық санасын ояту.

Конференцияға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, халықаралық, ұлттық ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Конференцияның пленарлық отырысында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Қайратұлы Берікқожа модераторлық жасады.

Іс-шараның кіріспе сөзін Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиұлы Қалиев алды.

«Исатай Тайманұлының тарихи образы» тақырыбында «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» директоры, тарихшы Қуаныш Кәрібайұлы Даурембеков баяндады.

Жас ғалымдар, 125 Highscholl мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Керімжанұлы Нұрланов «Исатай Тайманұлының батырлық болмысы һәм жастар», №3 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерсұлтан Кәрімжанұлы Нүсіпжанов «Азаттықтың ақ жолындағы батыр бейнесі», Шымкент қаласы білім басқармасының Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Рамазан Нұржанұлы Абдусаттаров «Исатайдың ұмытылмас ерлігі» тақырыптарында баяндама жасады.

Конференция 2 секция бойынша жалғасын тапты. «Исатай Тайманұлының тұлғалық бейнесі» секциясында «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» директоры, тарихшы Қуаныш Кәрібайұлы Даурембеков, «Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы» секциясында Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы «Тарихтану» бөлімінің меңгерушісі, тарихшы, деректанушы Асылжан Қасымбекұлы Шайділдаев жастарға жетекшілік етіп, ғылыми мақалаларын бағалады.

Конференция жұмысына оффлайн қатысқан Рамазан Абдусаттаров І орынмен (Шымкент қаласы), ал жетекшісі Олжас Қарсыбаев алғысхатпен, Айжан Нұрабаева (Жамбыл облысы, Талас ауданы) ІІ орынмен марапатталды.

         Ал, онлайн форматта 50-ге жуық жас ғылыми мақаласын қорғады. Секцияның қорытындысы облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланады.

          Барлық қатысушыға қатысқандығын растайтын сертификат, ал ғылыми мақаласын қорғаған жас ғалымдарға жүлделі орындар тағайындалып, дипломдар беріледі.