«Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері өтті

«Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері өтті

«Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері өтті

 

2021 жылдың 16-18 қыркүйек күндері аралығында Жуалы ауданы «Берікқара» демалыс орталығында жастар арасында зияткерлік, адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына ықпал етуге бағыттау, көшбасшылық қасиеттерді шыңдап, жастар саясатында жалпы жұмысты үйлестіруге баулу мақсатында «Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері өткізілді.

Облыстық лагерьге облыстағы белсенді жастар, волонтерлер,
ҮЕҰ жетекшілері, аудандық, қалалық «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері мен оқытушылар қатысты.

Лагерьге Тараз қаласынан жол тартқан қатысушыларды «Берікқара» демалыс орталығынан ұйымдастырушылар жақсы
көңіл-күймен қарсы алып, барлығын өз бөлмелеріне орналастырды.

Шараның бірінші күні қатысушылар танысу тренинг жаттығулары арқылы бір-бірлерімен жақынырақ танысты. Шара барысында
«E-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеулердің бірыңғай платформасында жұмыс істеу, жұмыспен қамту бағдарламалары, ауыл шаруашылығын дамыту, салық саласындағы өзгерістер мен «Серпін-2050» бағдарламасы туралы оқыту жұмыстары жүргізіліп, лагерьдің ашылу салтанаты өткізілді.

Екінші күні ЖРО заңгерлерінің, СММ мамандарының, ақпараттық бөлім мамандарының, ауылдық округ инспекторларының және волонтерлардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту жұмыстары мен «Qaz IQ» интелектуалдық ойыны өтті.

Жалпы бағдарлама лагерьдің қонақтарымен интерактивті сұхбаттар, жеке тұлғаның дамуына және кәсіби ұшталуына бағытталған тренингтік бағдарламалар, дене шынықтыру ретінде күнделікті таңғы жаттығулар, психологиялық тренингтер мен команда құру ойындарынан құрылды.

Лагерь қорытындысы бойынша қатысушылар «Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар лагеріне қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Лагердің белсенді қатысушылары, заңгерлер мен СММ мамандарына арнайы сертификаттар, байқауларда үздік деп танылған жастарға «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.