«Сіздің өмірлік ресурстарыңыз» тақырыбына кездесу өткізілді

«Сіздің өмірлік ресурстарыңыз» тақырыбына кездесу өткізілді

«Сіздің өмірлік ресурстарыңыз» тақырыбына кездесу өткізілді

 

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Жамбыл облысының іскер әйелдер ассоциациясы отбасы күніне орай «Lets Talk» форматында блогерлер мен коучтердің қатысуымен студенттер арасында «Сіздің өмірлік ресурстарыңыз» тақырыбына кездесу өткізді.

Шарада іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, коуч, кәсіпкер Ә.Қайназарова, психология магистрі, облыс бойынша мемлекеттік басқару академиясының дәріскері Г.Сарытай, СӨС жөніндегі кеңесші В.Усманова, кәсіпкер, «Fissmart», «Kosmetikmart» дүкендер желісінің иесі, коуч Р.Беркімбекова отбасылық қарым-қатынас пен мансап, эмоцияларды басқару сынды тақырыптарды кеңінен талқылап, жастарға кеңес берді.