Бірлік күніне орай мәдениет үйі ашылды

Бірлік күніне орай мәдениет үйі ашылды

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылында бой мәдениет үйі ел игілігіне берілді.

Тұрғындарды жаңа нысанның салтанатты ашылуымен аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы құттықтап, мәдениет саласындағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

– Аудан бойынша 21 мәдени нысан болса, соның жалғасы ретінде бүгінгі ашылғалы отырған заманауи үлгідегі мәдениет үйі ел игілігіне қызмет ететін болады. Жаңа нысан үлкендер мен өнерлі өрендердің құтты мекеніне айналмақ. Өнерімен өрге жүзген ауыл жастарының талабына қанат байлап, шығармашылығын шыңдап, халыққа рухани азық сыйлау мақсатында еңсе тіктеген мәдениет ошағына келушілерге барлық жағдай жасалған. Оның ішінде көрермен залы, хореография, түрлі үйірме сыныптары мен қызмет кабинеттері бар. Жаңа нысан ел игілігіне қызмет етіп, жастардың талабын ашуға жұмыс жасайтынына сенім артамыз, - деді Ерлан Қыдыралыұлы өз сөзінде.

Жалпы құны 266 миллион 879 мың теңгені құраған нысан құрылысын «Талас-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.