
Бүгін Аса ауылында үй кезегінде тұрған азаматтарға үй берілді. Баспана кілтін аудан әкімі табыстап, отбасылардың қуанышымен құттықтады. -Баршаңызға белгілі, мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін шешу. Жергілікті жұртшылықты, оның ішінде әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамту саясаты Мемлекет басшысының назарында тұр. Сол себепті бұл бағытта қолға алынған жұмыстардың маңызы зор. Жаңа қоныс құтты болсын! Қуаныш ұзағынан сүйіндірсін! Жаңа пәтерде бақытқа бөленіңіздер, - деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Айта кетейік, Жамбыл ауданында 1750 азамат үй кезегінде тұр. Ал ел игілігіне берілген баспана 40 пәтерлі 20 үй. Жамбыл ауданы тұрғын үй комиссиясының шешімімен баспана кілті көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар жандарға табысталды