
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қарасу, Ақбастау, Көлқайнар ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков тиісті бөлім басшылары және ауылдық округ тұрғындары қатысты.
Басқосуда ауылдық округ әкімдері баяндама жасап, округте атқарылған жұмыстарды айтып өтті.
Өз кезегінде аудан басшысы ауылы тұрғындарының сұранысына сәйкес атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Жиында ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, жауаптар алды.