Әкімдік мәжілісі өтті

Әкімдік мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінің мәжілісінде өңірдегі құқық бұзушылықтардың алдын-алу және қылмыспен күрес шаралары, Жамбыл ауданы әкімі аппараты жұмысының және аудандық іс-шаралардың 2025 жылдың ІІ - тоқсанына арналған жоспарын бекіту, аудан әкімінің халықпен кездесу барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ағымдағы жылдың І - тоқсанына орындалуы жан-жақты қаралды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбековтың төрағалығымен өткен жиында күн тәртінбіндегі мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нүркен Төлеуішов, аудан әкімінің аппарат басшысы Самат Селеубаев баяндама жасады.

Әкімдік мәжілісін аудан активі қатысты