Мерейтой иесін құттықтап барды

Мерейтой иесін құттықтап барды
 
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауданның Құрметті азаматы, Аса ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Рақымбек Жапаровты мерейлі 80 жасымен құттықтады.
Ардагерлер үйіне арнайы барған өңір басшысы мерейтой иесіне шапан жауып, ізет көрсетті.
Рахымбек Керімқұлұлы есіл уақытын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арнап, бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуда.
– Алдынғы буын ағалардың жүріп өткен жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екені белгілі. Ардагерлерді ардақтау, құрмет көрсету баршамызға – міндет. Бүгін өзіңіздің меншікті мерекеңізбен арнайы құттықтап келдік. Денсаулығыңыз мықты, жақындарыңыз аман болсын, - деді Ерлан Қыдыралыұлы
Өз кезегінде ардагер елеп-ескере келген аудан басшысына алғысын айтты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
я