Тұрғындарды сұрақтарымен қабылады

Тұрғындарды сұрақтарымен қабылады

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса, Айшабибі ауылының тұрғындарын сұрақтарымен қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.
Қабылдауда болған асалық тұрғын Бахит Утеева тұрғын үй мәселесін көтерсе, айшабибілік Сандуғаш Тазабекова, Көпболсын Қосыбаев, Алиша Иманалиева Айшабибі кесенесі аумағында кәсіппен айналысуға байланысты мәселелерін айтты. Ал Құралай Бекібаева жұмысқа орналасуға көмек көрсетуін өтінді.
Тұрғындарды мұқият тыңдаған аудан басшысы ел азаматы мемлекетіміздің кез келген аумағына бір рет қана жер кезегіне және тұрғын үй кезегіне тұруға құқығы бар екенін айтып түсіндірді. Ал кесене аумағында кәсіпкерлікпен айналысу туралы туындаған шектеуге орай сот процесінің қорытындысына орай шаралар қабылданатын, меншік иесі ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі болып табылатынын жеткізді. Денсаулығына байланысты жұмыстан өз еркімен босаған Құралай Рысбайқызына бос жұмыс орындары бойынша ұсыныстарды көрсетіп, көмек беру керектігін тиісті басшыларға тапсырды.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Несіпбеков пен Махпал Досымбекова, аудан әкімінің аппарат басшысы Самат Селеубаев, тиісті ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты