Тұрғындар мәселесі назардан тыс қалмайды

Тұрғындар мәселесі назардан тыс қалмайды

Дүйсенбі күні аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды қабылдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ асты.

Қабылдауда болған асалық Мухабат Әуезова тұрғын үй қажеттігін сұраса, көлқайнарлық Ардақ Әліпчеев жарық шамдарын, жол белгілерін орнату, жер мәселесі бойынша сұрақтар қойды.

Тұрғындарды мұқият тыңдаған аудан басшысы 6 тұрғын үй салуға құжат әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылғанын, алайда күнге дейін қаражат көзі қаралмағанын айтып, ауылдық округ әкімдігіне жалға пәтер қарастыруды тапсырды. Әлеуметтік төлемдер бойынша көмектесетін жеткізді

Ал көлқайнарлық тұрғынның мәселесі бойынша ауылдық округ әкіміне жарық шамдарын іске қосу, жол белгілері бойынша тиісті басқармаға хат жолдау керектігін алға тартып, мерзімін көрсетті

Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудан әкімінің аппарат басшысы Самат Селеубаев пен тиісті ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.