Тұрғындар өтініші ескеріледі

Тұрғындар өтініші ескеріледі

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды кезекті рет сұрақтарымен қабылдап, талап-тілектеріне құлақ асты.

Қабылдауда болған Қаракемер ауылының тұрғыны Нұрдаулет Халықов ауылда салынып жатқан спорт кешенді жергілікті білім ордасының теңгеріміне беру, құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді реттеу керектігін көтерсе, бесағаштық Зарина Машенова жұмысқа орналасуға көмек көрсетуін өтінді. Ал Нағима Сұраншиева әлеуметтік көмектердің көрсетілу реттілігін  сұрап білді.

Тұрғындарды мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы спорт кешенінің ең алдымен құрылыс жүмыстарын талапқа сай жасалуына назар аударатынын, игілікке берілген соң теңгерім иесі анықталатынын жеткізді. Ал жұмыс іздеуші тұрғынға Бесағаш ауылындағы білім ордасынан, сондай-ақ шағын орталықтағы бос орындарды ұсынды. Ал әлеуметтік көмектер туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы егжей-тегейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудан әкімінің аппарат басшысы Самат Селеубае, тиісті ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.