САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 27 наурыздағы №11 шешімімен Жамбыл ауданында Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.

Аталған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт кезеңінің басталуына орай тіркелген кандидаттарға ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 5-тарауын, яғни сайлау алдындағы үгіт тәртібін түсіндіру бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өрнек ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттарды қабылдады. Қабылдау барысында Конституциялық заңның 50-бабына сәйкес Республика азаматының өз сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергі келтіретін тағы да басқа жағдайлар анықталса, заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені жөнінде ескертілді.

Сонымен қатар, Конституциялық заңның 113-5 бабының 11-тармағында белгіленген өзге де жағдайлар анықталса, аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жоятындығы туралы ескертті және сайлау комиссияның төрағасы Конституциялық заңның 27-32 баптарының тиісті тармақтарына жеке-жеке тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.    

Қабылдауда кандидаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, соңында кандидаттарға куәліктері табыс етілді.

                    

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.