Екі жылда қандай жұмыстар атқарылды?

Екі жылда қандай жұмыстар атқарылды?

ЕКІ ЖЫЛДЫҢ ЕСЕБІ
Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2022 жылдың ақпан айында Мемлекет және қоғам қайраткері, сол жылдары облысымызды басқарған, марқұм Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтің өкімімен Жамбыл ауданының тізгінін қолыма алдым. Өмір жолым да, еңбек жолым да осы өңірде бастау алғандықтан аудан маған жақсы таныс болды. Туып-өскен өңірімді түлетіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жоғарылату үшін түрлі жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды сәтті пайдаланып, оны жүзеге асыру жолында ауқымды тірліктерді тиянақтай алдық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында жүктеген міндеттері мен аймақ басшысының тапсырмаларын жүйелі орындап, халық қажетіне бағытталған жұмыстарды атқарып келеміз. Өткен екі көктемде ауылдарда 140-қа жуық тұрғындармен кездесулер өткізіп, 100-ге жуық қоғамдық қабылдаулар өтіп, түйіткүлді түйіндерді бірлесіп тарқатуға кірістік.

ТАРИХ ҚҰШАҒЫНДАҒЫ ӨҢІР
Үш мың жылдан астам уақыт бойы Еуропа мен Азияның едәуір бөлігін алып жатқан ұлан-ғайыр кең жазықты жайлап, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен түркі тілдес тайпалардың ежелгі өркениетінің қайнар-бастауларының бірі, қазіргі Жамбыл ауданының аумағында болған. Оған Ақбұлым ауылы Қарасай шатқалындағы жақпар тастарға салынған суреттер, Қамыстыбұлақ шатқалындағы және Ботамойнақ үңгіріндегі тасқа
қашап түсірілген қолтаңбалы жазулар, ХІХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Әулиеата уезінің басшысы болған, өлкетанушы В.Каллаур мен фин археологы Г.Гейкельдің бірлесіп іздестіруі нәтижесінде табылған, ғылымға Талас жазулары деген атаумен белгілі, әйтсе де күні бүгінге дейін мәтінін оқытудың кілті табылмаған түркі сына жазулары, Жалпақтөбе ауылындағы әйгілі Жікіл, Атлах, Бектөбе ауылындағы Тастөбе, Живукат, Қаракемер ауылы маңындағы
көне деректерде атаулары жиі аталатын Адахкент, Нуджикес қалалары мен ондаған елді мекендердің ескі жұрттары, құрылысы аяқталмай қалған Ақыртас қалашығының орны, Ақшолақ теміржол бекетіне таяу жердегі бір сызықтың бойында жатқан сақ қорғандары, Тектұрмас әулиенің, Айша бибі және Бабаджа қатын кесенелері, Тектұрмас әулиенің бейіті тұрған биік жартастың етегіндегі Талас өзенінің астынан өтетін жер асты жолы, Құмтиын ауылындағы 600 гектарды алып жатқан қала, Қаратау ауылының теріскей беткейіндегі Керуен сарай сияқты тарихи жәдігерлертолық айғақ бола алады. Бүгінде осы бір жәдігерлерімізді келер ұрпаққа дәріптеу үшін аудандық бюджеттен музей құрылысы басталды, мұнда 3000 көне бұйымдар сақталатын болады.

2 АУЫЛ АТАУЫ, 10 КӨШЕ АТАУЫ ӨЗГЕРГЕН
«Жердің аты – тарихтың хаты» демекшіғ елді мекен атауларына да қозғау салып, тұрғындар сұранысына сәйкес өзгерістер енгізілді. Қала маңындағы Пригородное деп аталатын ауылға Сұлутөр, Бесжылдық ауылына Мемлекеттік Тудың авторы Ш.Ниязбековтың атауы берілді. Жалпақтөбе ауылындағы мәдениет үйіне осында 17 жылдан астам тұрған Шәмші Қалдаяқовтың есімімен аталды. Сонымен қатар ауданішілік 10 көшенің атауы қазақ тіліне өзгертілді. Алдағы жылы 8 мектеп пен 10 көшенің атауын өзгерту, есім беру жұмыстарын қолға алудамыз.

ӨНДІРІС ӨРКЕН ЖАЙЫП КЕЛЕДІ
Тоқсан бес жылдық тарихы бар Жамбыл ауданында 17 ауылдық округ, 42 елді мекен, 88196 тұрғын бар. Тұрғындардың 40,3 мыңы немесе 45,8 пайызы экономикалық белсенділер қатарына жатады.
2023 жылдың 12 айында ауданның жалпы шығарылған өнім көлемі 166 млрд. 832 млн. теңгені құрады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 170 млрд. 816 млн теңгеге жеткен болатын. Ал өнеркәсіп саласында 36 млрд. 516,7 млн.теңгеге өнім өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127,0%-ды құрады. 2022 жылы 28 млрд. 743,6 млн теңгенің өнімі өндірілген еді.
Өнеркісіп саласында «Амангелді ГӨЗ», «Кнауф Гипс Тараз», «Бином Строй деталь», «Суперфарм», «КазУпакТрейд» секілді ірі кәсіпорындарды атап өтуге болады. Бүгінде кәсіпорындар жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ұдайы көмек қолын созып отырады.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА ӘДІСТЕР ҚОЛДАНЫЛУДА
Ауданда барлығы 3721 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 35 ауылшаруашылық кооперативі және 3682 шаруа қожалықтары бар. 2023 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 74 млрд. 242,4 млн.теңгені құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 70 млрд. 879,7 млн теңге болған.
Өткен жылы 60152 гектарға егу жұмыстары үйлестірілді. Оның ішінде күздік бидай 4582 гектар, жаздық арпа 13432 гектар, майлы дақылдар 3070 гектар, қант қызылшасы 1540 гектар, картоп 602,5 гектар, дәндік жүгері 1915 гектар, бақша 785 гектар, көкөніс 9027 гектар, мал азығы 25200 гектарға себілген. Бүгінгі күнге қамбаға 7582 тонна бидай, 25726 тонна жаздық арпа, 4397 тонна майлы дақылдар, 45676 тонна қант қызылшасы, 14852 тонна картоп, 311396 тонна көкөніс, 22 210 тонна бақша және 310 794 тонна мал азығы жиналды. Әр гектардан түсім күздік бидай бойынша 16,5 центнерді, жаздық арпа 19,2 центнерді, майлы дақылдардан 14,6 центнерді, қант қызылшасы 296,6 центнер, картоптан 246,5 центнер, көкөністен 345,1 центнер, бақшадан 282,9 центнер және мал азығы 123,2 центнерді құрады.
Аудан көлемінде жалпы сыйымдылығы 21,9 млн. текше метрді құрайтын 7 ауылдық округте орналасқан 21 су қоймалары мен тоғандары бар. Ал ұзындығы 521,8 шқ құрайтын 73 каналдың өткізу сыйымдылығы 130,1 текше метрді құрайды. «Казсушар» мекемесі жобасы шеңберінде «ПУИИД-2» және «Европалық даму банкіарқылы 553 шақырымды құрайтын, 69 каналды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Осы каналдар 14 мың 556 гектар алқапты суландырады.

 


МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ 16 МЫҢ ГЕКТАР ҚАЙТАРЫЛДЫ
Жамбыл ауданының аумағы 430954 гектарды, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері 241742 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің құрамынан 56510 гектары егістік, 174889 гектары жайылым, 1268 га көпжылдық екпелер, 7778 гектар шабындық, 1297 гектар бөгде жерлер бар.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан жалпы көлемі 11364 гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 2022 жыл 5379 гектар мемлекетте қайтарылған еді


ӨНІМДЕР – ҚОЙМАЛАРДА САҚТАЛУДА
«Көктем терді күз ақтар, бағы мен бабы келіссе» демекші, аудан шаруаларының еңбеккқор екеніне күмән келтіре алмаймыз. Дақылды ерте отырғызған шаруалар, күз басталарда қызу тірлікке кіріседі. Өнімін өткереді, қоймада сақтайды. Жалпы, аудан бойынша сыйымдылығы 39230 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс сақтайтын 67 қойма бар. Оның барлығы статистика басқармасына тіркелген. Бүгінгі күнде осы қоймалардың 61-де 27870 тонна өнім сақтауда тұр. Оның ішінде 24450 тонна пияз, 3370 тонна сәбіз, 50 тонна асханалық қызылша бар.

КООПЕРАТИВ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ
Аудан бойынша 12-і кооператив жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда сауынды сиырмен айналысатын «Алтын белгі», егін, мал шаруашылығы, жем-шөп өндіру, сүт өндірісіне басымдық берген «Іске Сәт», «Айкүміс агро», «Өрнек-Даму», «Қызыл Дихан», «Пионер», «ЧпРК Аманкелді», «AZ-NUR Агро», «Ел Даулет», «Ырыс Н.Б.К.», «Жетістік», «Сары мырза» коопретивтерінің жұмысы жанданып келеді. Оның үстіне кооператив жұмысына «Ауыл аманаты» жобасы үлкен серпін беріп отыр.
Өңір азаматтары жылыжайдың да қыр-сырын меңгеріп келеді. Есепті жылы аумағы 9 гектарға жуық 20жылыжайда бірінші және екінші айналымдардан қияр, қызанақ, бұрыш дақылдары отырғызылып, 161,2 тонна өнім жиналды. Бұдан бқлек жеке кәсіпкерлер өз ауласында қызғалдақ гүлдерін баптап, саудалауға да көшті.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚҚА 278 ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР АЛЫНДЫ
Жер емген шаруалар үшін техниканың қажеттігін айтпасақта түсінікті. Оны жаңарту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Мәселен 2023 жылы шаруа қожалықтар 1 млрд 136,2 млн теңгеге 147 дана ауыл шаруашылық техникаларын алды. Оның ішінде лизинг жүйесімен 556,0 млн теңгеге 35 дана (1 дана комбайн, 13 дана трактор, 21 дана басқа техникалар) алынса, өз қаражаттары есебінен барлығы 580,2 млн. теңгеге 112 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды (21 дана трактор, 91 дана басқа техникалар). Өткен 2022 жылы 709 млн теңгеге 131 ауылшаруашылығына қажетті техникалар алынған болатын.

ШАРУАЛАРДА МАЛ БАСЫП АРТЫП КЕЛЕДІ
Шаруалар малдың да бабын жақсы біледі. Соңғы жылдары мал басында өсім бар. Олай дейтініміз «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жеңілдетілген несие алып, мал шаруашылығымен айналысуға бел буған шаруалар жетерлік.
Жалпы өткен жылы 44556,3 тонна сүт, тірі салмақта 12682,7 тонна және сойыс салмақта 7334,7 тонна ет, 62289,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 103,0%-ға, ет 91,2%-ға, жұмыртқа 91,0%-ға орындалды.
Ауданда ірі қара малының басы – 51 308, қой-ешкі – 341 792, жылқы – 24 881, түйе – 42, үй құстары 403 883 басқа жетіп отыр. Ал 8700 басқа арналған 17 мал бордақылау алаңдары, 13 тауарлы сүт фермалары өз жұмыстарын жүргізіп отыр.
Жалпы бүгінде ауылдықтардың қызығушылығын тудырып отырған «Ауыл аманаты» жобасына келсек, ауданда 6 ауылдық округтерде жоба іске асырылуда. Олар 2019 жылы Бесағаш, 2021 жылы Өрнек, 2022 жылы Қаракемер, 2023 жылы Айшабибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтері. Бесағаш ауылдық округіне 5 бағыт бойынша 279 аулаға 1 млрд 35 млн теңге, Өрнек ауылдық округінедегі 89 аулаға 392 млн 609 мың теңге, Қаракемер ауылдық округіндегі 166 аулаға 990 млн теңге, Айшабибі ауылдық округіндегі 125 аула 1 млрд 8 млн теңге, Қарасу ауылдық округіндегі 155 аула 863 млн 600 мың теңге, Тоғызтарау ауылдық округінде 78 аула 538,8 млн. теңгеге несие алып, жұмыстарына кірісті. Жоба арқасында кәсіпкерлер қатары артып, тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған жобаларын жүзеге асыруда. Бұл өз кезегінде жобаның өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА ҚАРҚЫН БАР
Жыл өткен сайын құрылыс жұмыстары да ұлғайып келеді. Мәселен 2022 жылы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 10 млрд 234 млн теңгені құраса, 2023 жылы 13 млрд 179 млн теңгеге жетті. Өткен жылы аудан көлемінде бюджет қаражаты есебінен барлығы 4,4 млрд теңгеге 36 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 33 аудандық бюджетке тиесілі. Бұдан бөлек, 82,4 млн. теңгеге 20 нысанға жобалық сметалық құжаттары әзірленді.
Бүгінде Ақбұлым, Қаракемер ауылында мәдениет үйінің құрылысы, аудан орталығында музей, кітапхана, жастар сарайы, аспалы көпірдің құрылысы жүргізілуде.

9 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Жамбыл өңірі – инфесторларға қолайлы аймақ. Оның үстіне инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашуда облыс басшысы да жиындарда жиі айтып, нақты тапсырмалар жүктеп отыр. 2022-2023 жылдары құны 23,5 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 156 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Инфест жобаларға тоқталып өтер болсақ, Гродековода мал бордақылау алаңы, Көлқайнар ауылдық округінде тамақтану орны, Әулиекөл ауылында күн сәулелі электр станциясы, Қызылқайнарда форель балығын өсіру шаруасы, Гродековода демалыс кешені, Бектөбе ауылында жеке бастауыш мектеп, Айшабибі ауылында бір реттік шприц шығару цехі, Көлқайнара құм-шағал өндіру, Бектөбеде автокөлік бөлшек саудасы, техникалық қызмет орны ашылды. Ал алдағы жоспарымыз да ауқымды. Инфесторларма етене байланыса отырып, құны 60 млрд теңгеге бірқатар жобаны жүзеге асыруға күш салатын боламыз. Бұл жобалар арқылы 377 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

ЕКІ ЖЫЛДА 134 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Ауылішілік жолдарды жөндеуден өткізу тұрғындардың басты талаптарының бірі. Жергілікті жүртшылықпен кездесуде осы мәселе жиі көтеріледі. Жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 321,6 шақырымды құрайды. Әрине, бір мезетте көшелерді бірден асфальттауға мүмкіндік аз. Дегенмен бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен атқарып келеміз. Мысалға 2022-2023 жылдары 134 шақырымды құрайтын 142 ауыілшілік көшелер мен аудандық мәндегі жолдар жөндеуден өтті. 2022 жылы 49, 2023 жылы 93 көше тақтайдай тегістелді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға бюджеттерден 3 млрдтан астам қаржы қаралды. Бүгінде ауылдардың басымкөпшілігінде көшелер толықтай асфальтталған. Ағымдағы жылы да 12 жобаны жүзеге асыруға күш салып, тұрғындардың талап-тілегін орындайтын боламыз.
Аббаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына келер болсақ, өткен жылы аудандық әкімшілік ғимаратының сыртқы фасадын, кірістер басқармасы ғимаратының ішкі және сыртын ағымды жөндеуден, Аса ауылындағы учаскелік полиция пункітін, Қызылқайнар ауылылындағы скверді, Өрнек ауылындағы саябақты, Ауған соғысына және Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған саябақтар аббандырылып, жөндеуден өткізілді.

5 АУЫЛҒА АУЫЗСУ ТАРТЫЛДЫ, 5 АУЫЛҒА ҚАРЖЫ ҚАРАЛДЫ
Халықты сапалы ауызсу мен қамту басты міндет болып табылады. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы да, облыс басшысыда нақты тапсырмалар жүктеп отыр. Жалпы бүгінде аудандағы 42 елді мекеннің 36-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар. Бұл дегеніміз 87972 тұрғынның 76269 орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған (86,6%).
2022-2023 жылдары Сеңгірбай, Көлқайнар, Қаракемер Әулиекөл, Құмсуат ауылдары сапалы ауызсу ды тұтынса, Бесағаш пен Түрксіб ауызсу құбырын биыл іске қосу жоспарлануда. 2022 жылы Ақбұлым ауылының Төлебеков, Бес ауылдарындағы ана, Дүйсенбаев көшесіндегі және Жасөркен ауылындағы ауыз су құбырлары ағымды жөндеуден өтті. Сонымен қатар ағымдағы жылы Ерназар (609,5 млн.), Жаңаөткел (371,9 млн.), Қызылшарық (925,8 млн.), Бектөбе (111,1 млн.), Өрнек - Жұма (111,1 млн.) ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын бастауға 2024 жылға 2,1 млрд. теңге қаралып отыр. Ауызсуға қаржы қарастыру көптеген қиындықтар тудырды. Әсіресе, Бектөбе мен Қызылшарық ауылдары осы мәселені көтеріп келе жатқанына талай жыл болды. Оның үстіне ауызсу құрылысы аяқталмайынша, жол жөндеу жұмыстарын да бастай алмай отырмыз. Тұрғындар талабына сәйкес, аталған ауылдардың құжатын өткізу үшін Елордаға бірнеше мәрте барып, вице министрдің қабылдауында жобаларымызды қорғадық. Бұл істің сәтті аяқталуына облысымыздан сайланған Мәжіліс, Сенат депутаттарының көп көмегі тиді. Ел азаматтарына аудан тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз. Биыл ауызсу құрылысы басталатын туралы сүйінішті хабарлы ауылдықтарға да жеткіздік. Бұл жобалардың бірқатары келесі жылға өтпелі екенінде айтқым келеді. Аталған жобалар іске асқан жағдайда 2025 жылы қамтылу көрсеткіші 100%-ға жетеді.

ГАЗБЕН ҚАМТЫЛМАҒАН 4 ЕЛДІ МЕКЕН ҚАЛДЫ
Бүгінде өңірде газбен қамтылу көрсеткіші 90,4 пайызды құрайды. 42 ауылдың 38-і табиғи отынға қосылған. Яғни 164665 ауланың 16261-і газ желісін қолданып отыр. 2022 жылы 10 ауылға тартылған газ құбыры ел игіліне берілді. Қалған Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат, Сеңгірбай елді мекендерін ауыл ішілік газбен және магистралды газбен қамту бойынша жобалық-сеталық құжаттары әзірленіп, қаржы көзі қарастырылуда. Бұл игіліктерді де соңына жеткізуге жұмыс жасайтын боламыз.
Сонымен қатар 2023 жылы Тастөбе, Еңбек, Ашыбұлақ ауылдық клубтары газдандырылды және Бірлесу –Еңбек ауыл. Жапарбеков көшесіндегі газ құбыры ағымды жөндеуден өтсе, 2022 жылы Түрксіб ауылындағы Ынтымақ көшесі тұрғындарының сұранысына сәйкес көше бойына газ құбыры тартылды.

ТҰРҒЫН ҮЙ
2023 жылдың 12 айына жалпы алаңы 77652 шаршы метрді құрайтын 419 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0 %-ға орындалды (2022 жыл– 76 861 шаршы метр).
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1632 адам тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 115 бала, әлеуметтік әлсіз топта 588 адам, өп балалы отбасы 591 және мемлекеттік қызметшілер 338.
Сондай-ақ, жалпы аудан бойынша 19724 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұр. 2022 жылы Аса ауылындағы 811 азамат жер телімін алса, өткен жылы мұнда электр желісі тартылды. Бұдан бқлек аудан орталығынан көпқабатты 4 тұрғын үй салуға жері анықталып, жобалық-сметалық құжаттары республикалық бюджетке жолданды. Тағы бір айта кетететін жайт, 2021 жылы 6 ауылда кезектілікке сәйкес, ауыл азаматтарына жер телімі берілген болатын. Жер теліміне барлық инфрақұрылым тартылған, тек үй салу қажет. Әйтсе де, тұрғын үй салу жұмыстары баяу жүргізілуде.

35 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Ауыл азаматтарының жол жөндеумен қатар көтеретін мәселесі – көше жарықтандыру. Бұл жұмыстарға да басымдық беріп келеміз. Өткен жылы 9 ауылдың 24 көшесі жарықтандырылса, 10 ауылдың 13 көшесіндегі жарық шамдарын жөндеу, трнасформатор орнату, шамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Ал 2022 жылы аудандық бюджет есебінен 10 елді мекеннің 11 көшесіне жарықтару орнатылып, 6 елді мекеннің ауылішілік көшесінің бағаналары ауыстырылып, электр желілері тартылды.
Жалпы аудандағы 42 елді мекендегі трансформатолардың жалпы саны 355 дананы құрайды. Оның Жамбыл аудандық электр жүйелеріне - 103, ТГЭС- ке 92 теңгерімінде, қалған 129 аудандық әкімшілікте, 31-і жеке-меншікте.

ТӨРТ АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТЕР САЛЫНАДЫ
«Дені саудың – тәні сау» демекші, бұл салада да жетістіктеріміз аз емес. Тұрғындарды аудан орталығына әурелемес үшін ауылдарда денсаулық сақтау нысандарын салудамыз. Жалпы денсаулық сақтау саласында 36 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 98 дәрігер мен 467 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Өткен жылы Өрнек, Айшабибі амбулаториялық пунктеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Жаңаөткел ауылында 5 келушіге және Шайқорық ауылында 45 келушіге арналған денсаулық нысандары бой көтерді. Сондай-ақ жекеменшік серіктестік негізінде Шайқорық ауылында отбасылық медициналық орталығы ашылды. Ал ағымдағы жылы Қостөбе, Қоңыртөбе, Тоғызтарау, Қаратау ауылдарында медициналық пунктердің құрылысы басталмақ.

ЕКІ ЖЫЛДА 3 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Білім саласына да басты назар аударылып келеді. Аудандағы жалпы 39 білім беру ұйымдарының 29-ы орта, 9 бастауыш, 1 негізгі мектеп. Жалпы 920 сынып комплектісінде 16896 балаға 1906 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 73 сынып комплектісінде 1072 бала білім алуда.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 4 оқушыны құрайды. Жалпы ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Оның ішіңде 27 мектепте 45 химия, физика, биология кабинеттері, 18 мектепте 24 кабинет лингофон және мультимедиялық құралдармен жабдықталған, 37 мектепте «E-learning» электрондық оқыту жүйесі енгізілген, 32 мектепте 117 интерактивтік тақталар бар. Барлық мектептерге бейнебақылау орнатылған.
2022 жылы Айшабибі ауылында 300 орынды білім ордасы, 2023 жылы Шоқай ауылында 150 орынды орта мектеп пайдалануға берілсе, биыл Бектөбемауылында жекеменшік мектеп-гимназия игілікке берілді. Ағымдағы жылы Шайдана ауылына 150, Қостөбе ауылына 100, мектептің құрылысын жүргізуді жоспарлап отсақ, Бәйтерек ауылына білім ордасын салу бойынша құжаттарын әзірлеудеміз.

ЕКІ АУЫЛДА МӘДЕНЕТ ОШАҚТАРЫ САЛЫНУДА
«Мәдениет – халық айнасы» деп жатамыз. Өткен жылы аудан халқы өңірдің 95 жылдығын сән-салтанатымен атап өттік. Жалпы аудан халқына 1 аудандық, 5 ауылдық мәдениет үйі, 14 ауылдық клуб, 29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2023 жылдың 12 айында аудан көлемінде 866 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 70461 адам қатысты.
2022-2023 жылдары Айшабибі ауылдық Мәдениет үйіне, Шайқорық ауылындағы ауылдық клубына, Гродеково ауылдық Мәдениет үйіне, Ашыбұлақ ауылдық клубына ағымды жөндеу жұмыстары жү.ргізілді.
Жұртшылықтың талабына сәйкес, «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қызылқайнар ауылында 180 орындық мәдениет үйінің және Ақбұлым ауылдық Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
Аудандағы кітап қоры 226 мың дананы құрайды. Ал орталық кітапхана ыңғайластырылған ғимаратта қызметтер ұсынуда. Осы мәселені бір жақты ету үшін өткен жылы аудандық бюджеттен қаражат қарап, орталық кітапхананың құрылысын бастадық. Биыл игілікке беруге күш салатын боламыз.

ӨТКЕН ЖЫЛЫ 8 СПОРТ НЫСАНЫ ЕҢСЕ ТІКТЕДІ
Спорт – мемлекеттің абыройын асқақтататын сала. Ауданда 188 спорттық нысаны бар. Оның ішінде 1 орталық стадион, 5 спорт кешені, 1 ипподром, 1 теннистік корт, 20 үлкен футбол алаңы, 64 кіші футбол алаңы, 16 баскетбол алаңшасы, 20 волейбол алаңшасы, 12 стритваркауд, 4 әмбебап алаңшасы, 44 спорт зал бар. Аудан бойынша 35353 адам немесе 40%-ы спортпен тұрақты айналысады.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде өткен жылы Гродиково, Сұлутөр, Айшабибі елді мекенінен еңселі спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл үш ауылда Өрнек, Қаракемер, Бесағаш ауылдарында әмбебап кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Аса, Қаратау, Тоғызтарау, Қызылдихан, Түрксіб ауылдарында шығын футбол алаңдары салынса, Түрксіб ауылына 2 балалар ойын алаңы, Ш. Ниязбеков ауылындағы шағын футбол алаңы қоршалып, спорт алаңшасы аббаттандырылды. Шайқорық, Тоғызтарау, Гродеково, Қапал ауылдарына балалар ойын алаңы игілікке беріліп, Жалпақтөбе, Сұлутөр ауылдарында шағын футбол алаңына жасанды төсем төселді. 2022 жылы Құмтиын, Қаракемер, Шайдана, Ақбұлым, Тастөбе, Ерназар ауылындағы шағын футбол алаңшалырына жасанды төсем төселсе, Танты, Байтерек ауылында шағын футбол алаңшасы салынды. Сонымен қатар Аса ауылындағы көп қабатты тұрғын үй мен Бесағаш ауылына балаларға арналған ойын алаңшасы орнатылды.

ЖАСТАР САРАЙЫ САЛЫНУДА
«Жастар – қоғамның қозғаушы күші» Бүгінгі таңда аудандағы жастар үлесі 28434 адамға жетіп, жалпы халық санының 33,4 пайызын құрап отыр. Оның ішінде 6873 жас білімгер болса, 2022-2023 жылғы оқу жылындағы аудандағы орта мектептердегі оқушылар саны 6753 құрайды. 2023 жылдың 12 айында 2364 жас жұмысқа орналастырылды: Яғни, тұрақты жұмысқа 978 жас, әлеуметтік жұмысқа 27 жас, ақылы қоғамдық жұмыстарға 338 жас, «Жастар практикасы» бағдарламасымен 296 жас, «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасымен 58 жас жолдама алса, 48 жас қайтарымсыз грант, 2,5 % жастар арналған несиені 53 жас алды, Бастау бизнес жобасын 336 жас, электронды еңбек биржасы арқылы 77 жас оқыды және 2 жас «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасымен жолданды, «Ауыл аманаты» жобасына 151 жас тартылған. 2023 жылдың қорытындысымен жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында 1034 іс-шара өткізіліп, 29871 жас қамтылған. Жаңа жоғарыда айтқандай, спорт нысандары осы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жасалып жатыр. Алда ауқымды жобаларды да іске қосамыз. Өткен жылы аудандық бюджет есебінен аудан орталығынан Жастар сарайын салуға қаржы қарадық. Биыл қолданысқа беруді көздеп отырмыз.
Екі жылдың бедерінде ел-жұрттың игілігіне бағытталған осындай жүмыстар атқарылды. Дегенмен толайым тірлікке қарап тоқмейілсінуге болмайды. Осы орайда облыс басшысы тарапынан нақты тапсырмалар жүктеліп отыр. Бұл тұрғыда өңірге инвесторлар тарту, жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымдық желіліерді дамыту мәселелері күн тәртібінде тұр. Өңірді өркендету жолында талай тірлікті тиянақтайтын боламыз.
Ерлан ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ,
Жамбыл ауданының әкімі.