Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды

ТАЗАЛЫҚҚА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер қаралды.

Жиында күзгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарының қорытындысы, жылыту мауысымының өту барысы бойынша сала басшылары баяндама жасады.
Аудан басшысы тазалық жұмыстарына салғырттық танытқан басшыларды қатаң сынға алды. Ауыл тазалығы – аудан көрігі екенін жеткізген аудан басшысы мұндай кемшіліктерді жоюға мерзім берді.

Сонымен қатар жылыту маусымы бойынша да жауаптыларға тапсырмалар жүктелді.

Кеңеске аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, мекеме, ұйым басшылары қатысты