Семинар-кеңес өтті

Семинар-кеңес өтті
2023 жылғы 12 қарашаға тағайындалған Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау комиссиясы мүшелері, 
тіркелген кандидаттар мен сенімді өкілдерімен
семинар – кеңес
 
Сұлутөр ауылы 24 қазан 2023 жылы
 
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  С.Дадабаевтың төрағалығымен Қарой ауылдық округі әкіміне кандидаттар, олардың сенімді өкілдері мен сайлау комиссиясы мүшелеріне алдағы үгіт насихат кезеңінің негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Кандидатар үшін арнайы сайлаушылармен кездесу өткізу үшін аудан әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №87 қаулысымен бекітілген шарттық негізде берілетін үй-жайлар мен сол сияқты, «Барлық кандидаттардың үгіттік-баспа материалдарын орналастыру орындары» бойынша Қарой ауылдық округі бойынша арнайы орын туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, үгіт-насихат кезеңінің Заң талаптары түсіндірілді.
 
Сенімді өкілдер үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының сенімді өкілдердің міндеттері мен жауапкершілігі туралы Заң аясында сұрақ-жауап ретінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.