2023 жылдың 20 қазан айында сағат 10:00-де Аса ауылының орталығындағы «Сервистік әкімдікте» аудан әкімдігінің бөлімдерімен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бойынша «Жәрмеңке» өтетіндігін хабарлаймыз.
Аталған шара аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырылды.
Жәрмеңкені өткізудегі негізгі мақсат – халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезіндегі әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейту болып табылады. Сонымен қатар осындай шаралар арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдану аясын кеңейтуді көздеп отыр. Және де халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру.
Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала-құрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар,денешынықтыру және спорт, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы бөлімдері аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен мағлұмат берді.
Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.