Жамбыл облысының аумағында дала және орман өрттерінің алдын алу мақсатында Қызылайнар ауылдық округінде мемлекеттік орман қорына қарасты жерлерде табиғи өрттердің таралуына жол бермеу үшін тұрақты негізде өрт сөндіру оқу-тәжірибелік жаттығуы өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрімен бекітілген Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы мекемелерімен келісілген өрт-тактикалық оқу жаттығу кестесі бойынша 2023 жылы 21 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ аумағында нақты жағдайларға барынша жақын орман мекемесінің аумағында ауқымды оқу-жаттығулар ұйымдастыру, уәкілетті органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін ескеру, азаматтық қорғау қызметтерінің, орман мекемелерінің, авиацияның күштері мен құралдарын тартумен, орман өрттерін сөндірудің өрт-тактикалық әдістерін үйретумен оқу-жаттығулар жүргізу жоспарланған.
Оқу-жаттығу өткізудегі мақсат - Жамбыл облысының аумағында орман және дала өрттеріне байланысты төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес ірі табиғи өрттерді жою барысындағы іс-қимылдарға күштер мен құралдарды жұмылдыруды тәжірибе жүзінде пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығуға барлығы 36 бірлік техника және 157 адам жеке құрам тартылуда.
Айта кеткен жөн, ТЖД қызметкерлері мұнан өзге аудандағы ауыл тұрғындар арасында балабақшалар мен мектеп табылдырығынан бастап өрттің алдын алу бойынша білімді терең әрі жүйелі насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.