Жамбыл ауданында жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

Жамбыл ауданында жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

Жамбыл ауданы Аса ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Жамбыл ауданы Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен 《7 мамыр Отан қорғаушылар》 күніне орай қазақ күресінен 2009 - 2010 ж.т, 2011 - 2012 ж.т, 2013 - 2014 ж.т жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

🔷 Бұл жарысқа 550-ге жуық жас спортшылар қатысты. Байзақ ауданы, Талас, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Сарысу, Шу, Тараз қаласы және Жамбыл аудандарынан келген спортшылар 17 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

🔷 Жарыстың ашылу салтанатында Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Жанұзақов, КСРО спорт шебері, спорт ардагер Қ.Ержігітов, Жамбыл ауданы Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы Б.Нускабеков, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Тоқсаба, Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы Р.Мұхамедяров және Халықаралық Самбо және Дзюдо спорт түрінен әлем чемпионы спорт шебері Қазақстан Республикасының Бас төрешісі Н.Қазбеков сөйлеп Байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тіледі.

🔷 Турнир өте тартысты әрі қызықты өтті. Кішкентай спортшылар боз кілемге шығып, әрқайсысы қарсыласына дес бермей, шаршамай, шыдаммен қайратын көрсетті. Жарысқа жиналған жұрт оларға қолпаштау білдіріп, қолдау көрсетіп отырды.

🔹Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте:

І Орын Талас ауданы
ІІ орын Жамбыл ауданы
ІІІ орын Жуалы ауданы

🔷 Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медаль, дипломдармен және жалпы командалық есепте жүлделі орын алған командаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.