Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинар-тренинг

Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинар-тренинг

Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинар-тренинг

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Жамбыл аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 7 қараша күні М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде көшпелі семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Семинарда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С.Мадиева сайлау процессін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру  туралы, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктерін ҚР ОСК бекіткен ережеге сәйкес жарақтандыру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және азаматтарға тиісті сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайларда сайлаушылар тізімімен таныстыру жұмыстарындағы ерекшеліктер туралы, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері С.Қойшыбаев мүгедектігі бар азаматтар дауыс беруге арналған үй-жайларының, дауыс беру пунктерінің қолжетімділігін ҚР ОСК бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру және дауыс беру учаскесіне келу  мүмкіндігі жоқ  осы топтағы азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру  туралы,  Ж.Бекбергенова сайлаудың өткізілуін байқауды жүзеге асыратын байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру туралы, Т.Жамалов сайлау күні  сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстар туралы, Жамбыл аудандық прокуратурасының прокуроры Ғ.Мамырбеков сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы баяндама жасаса, Жамбыл ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы А.Қалмахан сайлау науқаны барысындағы қауіпсіздік мәселесіне тоқталып өтті.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С.Мадиева қатысушылар арасында дауыс беру күні орын алатын жағдайлар бойынша іскерлік ойынын өткізді.

Семинар-тренингтің нәтижесі бойынша облыстық сайлау комиссиясының мүшелері төмен тұрған сайлау комиссиясының мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.