АУДАНДЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДА ЖЫР МҮШӘЙРА ӨТКІЗІЛДІ

АУДАНДЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДА ЖЫР МҮШӘЙРА ӨТКІЗІЛДІ

АУДАНДЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДА ЖЫР МҮШӘЙРА ӨТКІЗІЛДІ

А.ж. 25 тамыз күні Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына және «30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесіне орай «Тәуелсіздік - тұғырым» атты аудандық жас ақындар арасында жыр мүшәйра өткізілді.
Мүшәйраның мақсаты;
Өлеңнің мәні мен маңызына, мәтінінің ой тереңдігіне, тіл тазалығына назар аудара отырып, қазақтың асыл маржан сөздерін насихаттау;
Әділдікті ту етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор ықпал еткен Тәуелсіздік құрбандарын үлгі тұту, адамдық қасиеттерін үйрету, істерін өнеге ету;
Ақындарға қолдау көрсету, жоғары деңгейлі шығармаларды өмірге әкелуге ынталандыру, шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау.
Жас буынды ұлттық мәдени құнды¬лықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәр¬биелеу.
Мүшәйраға қатысушылар;
1. Ақбастау ауылдық округінен, Мұрат Спандияр Мақсұтұлы
2. Айшабибі ауылдық округінен, Айдаралы Алина
3. Айшабибі ауылдық округінен, Сатыбалды Венера
4. Бесағаш ауылдық округінен, Қамбар Жанерке
5. Ерназар ауылдық округінен, Сман Мақсат
6. Қаратөбе ауылдық округінен, Жолсейт Айару
7. Қарасу ауылдық округінен, Саршаев Орынбасар
8. Айшабибі ауылдық округінен, Елбек Нұрмахамбетов
9. Аса ауылдық округінен, Сержан Темірбек
10. Бесағаш ауылдық округінен, Максимхан Нұрсұлу
11. Қарой ауылдық округінен, Аят Бәтей

Байқаудың шарттары мен талаптары;
1. «Жырлайды елдің бақытын, Тәуелсіз елдің ақыны» - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 1 өлең;

2. «Сүйемін туған тілді анам тілін...» - мемлекеттік тілді насихаттауға 1 өлең;

3. «Ұлттың ұлы ұстазы» - Ахмет Байтұрсынұлына арнау 1 өлең;
Жүлделі орынға ие болғандар;

Бас жүлде иегері – Аят Бәтей (Қарой ауылдық округі)
I орын иегері – Айдаралы Алина (Айшабибі ауылдық округі)
II орын иегері – Жолсейт Айару (Қаратөбе ауылдық округі)
III орын иегері – Мұрат Спандияр Мақсұтұлы (Ақбастау ауылдық округі)
«Үздік қатысушы» номинациясының иегері - Қамбар Жанерке (Бесағаш ауылдық округі)
«Үздік өлең» номинациясының иегері - Максимхан Нұрсұлу (Бесағаш ауылдық округі)
Барлық қатысушылар дипломдармен, алғысхаттар және бағалы сыйлықтарға ие болды.