ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП: ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП: ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
🔰ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП: ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Наурыз айының басында бастау алған аудан әкімі мен 17 ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2021 жылдың қорытындысы бойынша және ағымдағы жылы қолға алынған игіліктер бойынша есептік кездесуі өткен аптада Бесағаш ауылдық округінде түйінделген болса, бүгін Аса ауылындағы М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде аудан басшысының жергілікті жұртшылық алдындағы қорытынды есебі өтті.
Есептік жиынға облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет қатысты.
Өңірде атқарылған жұмыстардың барысы алдымен қысқаметражды бейнеролик арқылы, мұнан соң өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің слайды көпшілік назарына ұсынылды.
Қорытынды есепте сөз алған Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өңір тынысынан нақты мағлұматтар берді.
ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ
Жамбыл ауданында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артығымен орындалса, негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 28,3%-ды құрады.
2021 жылы «Алель Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Аса ауылынынан құс өсіру фабрикасының құрылысын жүргізіп, бүгінде өз жұмысын бастады.
Сонымен қатар өңірде 31,2 млрд теңгеге 9 жобаны іске асыру жоспарға еңгізілді.
2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 23 жобаны қаржыландыру үшін 1,8 млрд теңге бөлінді. Ал, есепті жылы ұсынылған 2 жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктердің қаралуында.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 53,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Өндіріс өнімдерінің ұлғайуы дала еңбеккерлерінің де еңбегін еселеді. Ауыл шаруашылығында 2021 жылдың қорытындысымен 53,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, салыстырмалық кезеңмен есептегенде 1,8%-ға өсті
Соның ішінде егін шаруашылығынан 36,2 млрд, мал шаруашылығынан 17,2 млрд теңгенің өнімдері алынды.
Тақырыпқа тамыздық, қысы-жазы көкөніс өсіретін жылыжайлар елді мекендерде бой көтеруде.
Мәселен, 5 елді мекендегі 76 жылыжайдың 3,3 гекатарына қызанақ, 12,6 гектарына қияр, 1 гектарына гүл егілсе, бірінші, екінші айналымда қоймаға 402 тонна қызанақ, 1344 тонна қияр жөнелтіліп, 60 мың дана гүл жиналды.
Сондай-ақ тұрғындар сауалы назарға алынып, толымды жауаптар қайтарылды