ТАЛАП-АРЫЗДАР УАҚЫТЫЛЫ ҚАРАЛУЫ ТИІС

ТАЛАП-АРЫЗДАР УАҚЫТЫЛЫ ҚАРАЛУЫ ТИІС
🔰ТАЛАП-АРЫЗДАР УАҚЫТЫЛЫ ҚАРАЛУЫ ТИІС
✅Қазақстан Республикасы Бас прокуротурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастығы Дәурен Райымқұлов ауданға жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті.
✔ Кездесу аудан әкімі аппараты, прокуротура және полиция өкілдерінің қатысуымен өтті.
◽ Жиында қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша азаматтардың өтініштерін номенклатуралық іске негізсіз жолдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы сапалы қарастыру мәселелері қаралды.
✅ Қазақстан Республикасы Бас прокуротурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастығы Дәурен Қуатбекұлы тұрғындардың назарына көкейкесті мәселе мен шешімін күткен, уақыты өткен арыз-шағымдар болса ауызша немесе жазбаша жолдау керектігін айтып, құқықтық сипатқа негізделген түсіндірме жүргізді.
✔ Қордай ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокуроры Қуанышбек Джарикбасов пен басқарманың азаматтық және әкімшілік салаларындағы құқықтық ақпараттарды қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Қалыбек Жақыбаев арыз-шағым бойынша уақытысы өтіп, мәселе мінберінде тұрған бірқатар округтертердегі кемшіліктер жайында баяндама жасады.
⚪ Жиын соңы ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысқан кездесуге ұласты.
✔ Сала мамандары көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.