ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АРАЙЫН АШҚАН

Жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Карашөкеев сәрсенбі күні Тараз қаласын қоршап жатқан Жамбыл ауданына арнайы барып, өңірдегі «Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асырылуы барысын көрді

Алдымен министр аудан орталығы – Аса ауылы Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің жай-күйін назарға алды. Аудан әкімі Сәкен Арубаев ғимарат 1975 жылы салынғанын, бастапқыда кинокөрсетілім орталығы болған нысан соңғы жылдары қараусыз қалғанын, 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен күрделі жөндеуден өткенін, бүгінде орталық тәрбиленушілерді түрлі үйірмелерге машықтап, біліктілін шыңдауға өлшеусіз үлес қосып жатқанын жеткізді.

Орталықтың жұмысымен танысқан Ербол Шырақбайұлы алдағы уақытта әлемге, елге танылған өнер майталмандары шығуына шынайы тілектестігін білдірді.