Қабылдау жүргізді

Қабылдау жүргізді
Инвестициялық жобаға қолдау көрсетіледі
🔹Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жүзеге асырылып жатқан маңызды инвестициялық жобалардың бірі – «Рыжибаев» жеке кәсіпкерінің бастамасымен қолға алынған құс шаруашылығы жобасының жүзеге асырылу барысымен танысып, инвестормен кездесті.
🔹Жобаның негізгі мақсаты – жыл сайын 150 мың бас ет бағытындағы құс өсіріп, өңірді сапалы құс етімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 10 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
🔹Кездесу барысында инвестор жобаны іске асыру кезінде туындаған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, табиғи газ тарту және өндірісті кеңейту мақсатында қосымша жер телімін бөлу қажеттігін жеткізді. Өз кезегінде аудан әкімі салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарға, сондай-ақ тиісті бөлімдер мен мекемелердің басшыларына инвестициялық жобаны жан-жақты сүйемелдеп, қажетті қолдау шараларын жедел ұйымдастыруды тапсырды. Кездесу барысында аудан басшысы инвестициялық жобалардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі ерекше екенін атап өтті. Ерлан Қыдыралыұлы аудан көлемінде алдағы уақытта да инвестициялық бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, өңірдің тұрақты дамуына серпін беретін жаңа жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасын табатынын жеткізд