Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев отбасы құндылықтарын дәріптеу және өнегелі отбасыларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын қабылдап, оларға құрмет көрсетті.
Салтанатты шараға Жамбыл аудандық кезеңінің жеңімпазы, Ерназар ауылынан шыққан «Ерғалиевтар» отбасы да қатысып, облыстық кезеңде ІІ орын иеленді.
Кездесу барысында аймақ басшысы отбасы институтының қоғамдағы маңызына тоқталып, берекелі шаңырақтарды үлгі ету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және өнегелі отбасылардың тағылымды тәжірибесін кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
«Ерғалиевтар» отбасының бұл жетістігі – ауданымыздағы берекелі де өнегелі отбасылардың қоғамдағы орнының айқын көрінісі. Отбасы ынтымағы мен ұрпақ тәрбиесін берік ұстанған шаңырақтың облыстық деңгейде жүлделі орынға ие болуы – зор мәртебе