Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Атап айтқанда, Тоғызтарау ауылдық округінің тұрғыны А. Төретаева жолдасының жұмыстан қысқаруына байланысты жұмысқа орналасу мәселесін жеткізді.
Сондай-ақ Аса ауылдық округінің тұрғындары Н. Қазыбеков Рахат ауылында өз қаражатына салынған, спорт мектебі ретінде пайдалануға арналған ғимаратты жер телімімен қоса ауылдық округтің теңгеріміне өткізу мәселесін көтерсе, Г. Саурыкова белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу, тұрғын үйді жекешелендіру және газ мәселелері бойынша ұсыныстарын айтты. Ал Ж. Жайлганова Аса ауылындағы көшелер мен аулалардың тазалығына қатысты мәселені сөз етті.
Аудан әкімі тұрғындардың әрбір сауалына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап беріп, көтерілген мәселелерді зерделеп, шешу бағытында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді