
Семинар-кездесуде мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі, конкурс өткізу жүйесі, қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері, еңбегіне қарай қызметтік деңгейі мен жалақысының өсу мүмкіндігі, сондай-ақ көтермелеу және тәртіптік жауапкершілік мәселелері сөз болды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жеке мүддені қызметтік міндеттермен араластырмау және азаматтардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарау мәселелеріне назар аударылды