Кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

Кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы 1 шілдеден бастап кезекші кесте бойынша Алатау ш.а, 16А мекенжайында орналасқанТараз қалалық «Жібек жолы»ауданының №1 ХҚКО-сы жұмыс істейтінін хабарлайды.

Сонымен қатар, Төле би көшесі, 89Г мекенжайында орналасқан Тараз қалалық«Әулиеата» ауданының №1- ХҚКО-сы  әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз қабылдайды, ал сенбі күні — 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Айта кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның мекенжайы өзгеріссіз қалады: Тараз қаласы,Төле би көшесі, 198А.Ол дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні — 9:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру — 13:00-ге дейін.