Тұрғындар өтініші назарға алынды

Тұрғындар өтініші назарға алынды

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аса ауылының тұрғындары А. Әбілдаева мен П. Нышанова тұрғын үй мәселесін көтерсе, Жамбыл ауылының тұрғыны Н. Қалдыбаев жұмысқа орналасу барысында кездескен қиындықтар жөнінде айтты. Сондай-ақ Ерназар ауылының тұрғыны Қ. Шөпшенова тұрғын үй және жолдасын жұмыспен қамту мәселесін қозғады.

Қабылдау барысында аудан әкімі әр тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме берді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.