Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Аса ауылы мен Ерназар ауылының тұрғындары З. Өміралиева, Х. Бакирова тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінді. Құмтиын ауылының тұрғыны Б. Байтелиев берілген тұрғын үйде пандустың қарастырылмағанын жеткізді. Айшабибі ауылы Қаратау бөлімшесінің тұрғыны Ж. Қалжанова үйін заңдастырып беруді сұраса, Аса ауылының тұрғыны Е. Дауренбеков егістік жер мәселесін көтерді. Ал Қапал ауылының тұрғыны М. Айнабекова медицина саласына қатысты сұрақтарын қойды. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір өтінішті заң аясында қарастырып, тиісті түсіндірмелер берді. Көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.