Ұлттық киім күні аясында Аса ауылында ұлттық киімдер шеруі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бастап, аудан әкімдігіне қарасты барлық қызметкерлер белсене қатысты.
Шеру орталық алаңнан бастау алып, мәдениет үйіне дейін жалғасып, көпшілікке ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдерімен көз тартып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді.
Айта кетейік, Наурызнама онкүндігіне арналған барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, мереке жоғары деңгейде жалғасын табуда.