Ауданда ауқымды тал егу акциясы ұйымдастырылды. Көктемгі игі бастамаға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахыт Сырлыбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Рүстем Бегалиев, мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудандық “AMANAT” партиясы филиалының төрағасы Талап Әбдібеков, билер кеңесінің төрағасы Батырбек Саршаев және мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, табиғатты түлетуге өз үлестерін қосты.
Іс-шара барлық ауылдық округте өтті. Ал Аса ауылы Мәдени-демалыс кешені аумағында 80 дана сәндік тал отырғызылды. Бірлікпен атқарылған жұмыс барысында қатысушылар туған жердің көркеюіне ерекше көңіл бөлді.