Тұрғындарды сұрақтарымен қабылдады

Тұрғындарды сұрақтарымен қабылдады

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды жеке қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдау барысында А. Балқыбеков Қостөбе ауылындағы жаңа мектеп аумағына соғыс ардагерлеріне ескерткіш тақта орнату туралы ұсыныс айтса, А. Орынтаева Аса ауылын абаттандыру және ойын алаңын салу мәселесін көтерді. Д. Мураталиев Мойынқұм аумағындағы «Пионер» ӨК-нің жайылымына қатысты сұрақ жолдады, ал О. Байсартова баласын ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде жұмысқа орналастыруды сұрады. Сондай-ақ Ж. Әлішев есімді тұрғын егістік алқаптағы трансформатор мәселесін көтерді.

Аудан әкімі барлық өтініштер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелердің заң жүзінде орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.